Түркістан облысы  адами әлеуетті дамыту басқармасының   

мамандандырылған «Дарын» мектеп – интернаты   

 Оқушы ережесі

Оқушылардың сабаққа дейін, сабақтан кейін өзін өзі ұстау ережесі:

Үзіліс кезіндегі оқушының міндеті:

  • Өзінің жұмыс орынын тәртіпке келтіру тазарту;
    · Мұғалімнің талаптарына бағыну;
    · Мұғалім ескертсе сыныптан шығу;
    ·Үзіліс кезінде оқушы мектептің ішінде оқушының қауіпсіздігі үшін тиым салынған (мектептің төбесі, подвал, физикалық, химиялық лаборатория) жүруге болмайды, басқа жерлерде еркін жүре алады;
    ·Үзіліс кезінде оқушыларға әкімшілктің және сынып жетекшілердің рұқсатынсыз мектеп ауласына шығуға болмайды;
    ·Үзіліс кезінде оқушыларға бірін бірі итеруге, күш қолдануға болмайды;
    · Терезе жақтауында отыруға, өз бетімен терезені ашуға қатаң тиым салынады;
    · Үзіліс кезінде оқушылар баспалдақпен жүгіруге, ойынға арналмаған жерлерде жүгіруге болмайды;
    · Кезекші сынып кезекші мұғалімге үзіліс кезіндегі тәртіпке көмектеседі;

 Сабақ кезіндегі тәртіп:

  • Мұғалім сыныпқа кіргенде оқушылар орындарынан тұрады, амандасады;
    · Сабақ кезінде өзінің де өзгенің де керекті білім алуына кедергі жасайтындай шу, бөтен әңгіме, сабаққа керек емес нәрселер болмау керек.

Мектеп формасы:

  Оқушылар мектепке тек мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киімде де келуге болады.  Егер ата-аналар түрлі жағдайларға байланысты балаға мектеп формасын ала алмаса, онда уақытша, келесі оқу жылына дейін мектепке классикалық стильдегі киіммен баруға болады. 

Қатаң тиым салынады:

  1. Мектептің күнделікті ережесін бұзуға /себепсіз сабаққа кешігу, келмей қалу/
    Мектепке сай формасын сақтамауға;
    3. Спирттік ішімдіктер, темекі, наша және насыбай қолдануға, сағыз шайнауға;
    4. Кешкі уақытта коғамдық орындарда, көшеде жүруге;
    5. Басқа оқушылардың денсаулығына зиян келтіретін әрекеттер жасауға;
    6. Мектеп оқушылардың бағалы заттардың жоғалуына жауап бермейді (ұялы, телефон, құнды заттар, ақша);
    7. Компьютерлік клубтарға баруға;
    8. Мектепке денсаулыққа зиянды, жанғыш, өткір, кескіш заттарды, газ баллондарын әкелуге

 

 

Түркістан облысы  адами әлеуетті дамыту басқармасының

   мамандандырылған «Дарын» мектеп – интернаты

 

Мектеп ережесі

 Әр оқушы өз бойында Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға міндетті

  1. Ғылым мен білімнің негізін қалап, өз біліміңді жетілдір.
    2. Сабаққа кешікпей таза, ұқыпты киініп сабаққа керекті құрал жабдықтарыңмен дайын кел.
    3. Ең бірінші мұғалім талабына сәйкес күнделікті көрсет және күнделікті үй тапсырмасын жаз.
    4. Мектеп ішіндегі, мектеп ауласындағы жұмыстарға шамаң келгенше көмектес.
    5. Қоғамдық өмірге белсене араласып өзіңді саналы түрде болашақ мамандық таңдауға дайында. Еңбек тәрбиесі бойынша тапсырмаларды орындау барысында қауіпсіздік техника ережелерін қатаң сақта. Өрт қауіпсіздігі, жол ережелерін оқып, біл және сақта
    6. Мектептің қоғамдық-мәдени іс-шараларына, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына белсене қатыс.
    7. Туған жердің табиғатын, халқыңның байлығын сақтап, қорғап көбейтуге ат салыс.
    8. Мектептің, өзіңнің және басқаның мүлкін сақтауға, мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақта.
    9. Оқушы мектеп мүлігін бүлдірсе, оны ата-анасы орынан келтіру керек;
    10. Біреудің затын рұқсатсыз иемденуге болмайды, жоғалған немесе ұмытып кеткен затты кезекші мұғалімге немесе әкімшілікке тапсыру керек;
    11. Сабақ кезінде медбикенің немесе сынып жетекшінің рұқсатынсыз кетуге болмайды;
    12. Босатылған сабақтар үшін оқушы сынып жетекшіге анықтама немесе ата-анасынан ескертпе қағаз әкелу керек;
    13. Салауатты өмір салтын сақтап, жүйелі түрде спортпен айналысып, шынық, өзіңді Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қызметіне дайында.
    14. Заманауи талапқа сай мәдениет пен техниканы меңгеріп, әр түрлі шығармашылық қабілеттеріңді дамыт.
    15. Өз еңбегіңді дұрыс ұйымдастырып, уақытыңды үнемді пайдалан.
    16. Қоғамдық орындар мен көшеде әдеп ережесін сақта.
    17. Достарыңа адал болып, мектеп ұйымының тұтастығын сақтап, оның пайдалы жақтарын дамыт;
    18. Ата-ана, отбасы мүшелеіне құрмет көрсетіп, үй шаруасына көмектес.
    19. Ұстаздардың еңбегіне құрметпен қара. Мұғалімдердің, оқушылардың өзін өзі басқару ұйымының талаптарын белсенді қолдап, орында.
    20. Мектеп формасын, Алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру пәндерінің бекітілген киім үлгісін қатаң түрде сақта.
    21. Қоғамдық, жеке бас гигиенасын, қысқа және үзын шашты жинап оқушыға сай шаш үлгісін сақта.

 

Түркістан облысы  адами әлеуетті дамыту басқармасының Кентау қаласындағы мамандандырылған «Дарын» мектеп – интернатының  тәрбие жұмысы.

 

            Мектеп-жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беретін, білім ордасы,бірнеше ғасырлар бойы жиналып сақталған ел мұрасын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақ, ұлттық тәлім-тәрбие орталығы. Мектептердің қызметін ұйымдастыру оқу-тәрбие процесінің бірлігіне негізделеді. Ол жалпы мақсатта, оны жүзеге асырудың бағыттары мен құралдарының өзара байланысында жүзеге асырылады: оқыту және тәрбиелеу, теориялық және практикалық дайындық, сабақ және сабақтан тыс іс-шаралар, оқушылар мен мұғалімдердің ынтымақтастығы, педагогикалық басшылық және оқушылардың өзін-өзі басқаруы және т. б. Сондықтан тәрбие жұмысын білім беру ұйымының барлық ұжымымен және барлық мүдделі тараптардың: отбасының, білім беру ұйымдарының, қоғамның қатысуымен жүргізуде. ҚР БҒМ «Мен айтқандай жаса» дегеннен гөрі «Мен сияқты жаса» деген жағымды қасиеттерді үйретуді ұсынады.

 

Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері

 

Мақсаты: Дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, іскер, білімді және білімін пайдалана білетін, бүгінгіні түсінетін, кешегіні білетін, адалдық пен мейірімділікті ту етер иманды адам, алдына мақсат қойып, оған жетер жол таба білетін ұрпақ тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
  2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
  3. Тұлғаның жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
  4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық - педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
  5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.
  6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.
  7. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
  8. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

 

Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары,  ұраны, миссиясы, құндылықтар

  1. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу туралы, құқықтық тәрбие туралы
  2. Рухани-адамгершілік тәрбие туралы
  3. Ұлттық тәрбие туралы
  4. Отбасылық тәрбие туралы
  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие туралы
  6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие туралы
  7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу туралы
  8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты туралы

Ұраны:

«Ел болашағы- зияткер ұрпақта!»

Миссиясы:

Мектеп өз елінің патриоты бола алатын, салауатты өмір салтын ұстанатын, тәрбиелі,

мәдениеті қалыптасқан, білімді ұрпақ шығаруға үлес қосады.

Құндылықтар:

  • Патриотизм және азаматтық жауапкершілік
  • «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» өзіне және өзгеге құрмет
  • Ынтымақтастық
  • «Шындықтың шырағы сөнбейді» (академиялық шыншылдық)
  • Ашықтық
  • «Білім инемен құдық қазғандай» өмір бойы білім алу

 

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында білім беру ұйымдарында Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінен күтілетін нәтиже

  • Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жас қазақстандықтарды тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру
  • жан-жақты дамыған жеке тұлғаны, Қазақстан Республикасының лайықты азаматын тәрбиелеу, өз Отанына азаматтық және рухани қызмет ету қажеттілігін қалыптастыру, оның материалдық және рухани мәдениетін дамыту;
  • Бала құқықтары туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қолданыстағы заңнамасына сәйкес балалар мен жастардың азаматтық қоғамының, жас қазақстандықтардың қоғамдық қозғалысының қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлі мен жауапкершілігін арттыру;
  • балалар мен жастардың патриоттық санасы мен сана-сезімін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу, құқықтық мәдениетті, өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасты қалыптастыру;
  • ұлттық мәдениетті игеру және ұлттық кодқа ұқыпты қарауға, басқа халықтарға және олардың мәдениеттеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу және олармен жемісті өзара іс-қимыл жасай білу, мемлекеттік, орыс, шет тілдерін меңгеру;
  • баланы әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қорғау бойынша ата-аналардың балаларды тәрбиелеуге дайындығы мен жауапкершілік деңгейін арттыру, әлеуметтік маңызы бар балалар, отбасы және ата-ана бастамаларын дамыту және қолдау;
  • оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту, тәрбиені басым дамыту
  • білім мазмұнында;
  • ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасау: балалар мен жастардың ақыл-ой, эмоционалдық, әлеуметтік дамуы, әрбір тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және өзін-өзі таныту;
  • экономикалық ойлау қабілетін қалыптастыру, еңбектің жаңа әдістері мен тәсілдерін меңгеру, экологиялық мәдениетті, табиғатпен қарым-қатынас үйлесімін тәрбиелеу;
  • өскелең ұрпақты тәрбиелеуде жалпы және қосымша білім беру жүйесінің рөлін күшейту, дене шынықтыру және спорт, мәдениет және денсаулық сақтау саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру;
  • балалар мен жастарды тәрбиелеудің өзекті проблемаларын ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру;
  • Интернеттегі балалардың қауіпсіздік деңгейін арттыру.

    Салауатты өмір салтын және өмір қауіпсіздігін қалыптастыру бағдарламасы

"Салауатты өмір салты" кешенді бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 1999 жылғы 30 маусым N 905 негізінде мектеп оқушыларына арнайы СӨС орталығы , «Y- PEER –қоғалысы» халықаралық еріктілер ұйымының арнайы курсын тәмәмдаған тренерлер ,  сонымен қатар «Наркобекет» қызметі жұмыс атқаруда  

Жалпы ереже

  • Нашақорлықтың алдын алу бағытында  құрылған  қоғамдық ұйым, салауатты өмір салтын дәріптеу  (Наркобекет) оқушылар бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру және психобелсенді заттарды қабылдауға тұрақты жағымсыз рухани психологиялық дағды қалыптастыру үшін білім беру мекемелерінде кешенді алдын алу жұмысын жүргізетін ұйым.
  • Наркобекет білім беру мекемесінің директорының бұйрығымен құрылады. Наркобекет өз жұмысын іске асыру үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативті құқықтық құжаттарын басшылыққа алады. Наркобекет төрайымы білім беру мекемесінің директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болады.
  • Наркобекет төрайымының орынбасары білім беру мекемесінің педагог -психолгы.  Хатшы және басқа лауазымдары мүшелерінің арасында келісімге байланысты бөлінеді.  

                                            Мектеп нашапосты жұмысының мақсаты:

  • оқушылар ортасында салауатты өмір салтын  және  темекі шегу, ішімдікке, нашаға                 жағымсыз көзқарас қалыптастыру.

                       Оқушылардың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге, суицидтің алдын-алуға көмектесетін іс-шараларды ұйымдастыру

Суицид (лат; suicaedere – өзін өлтіру) – адамның өзіне-өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының жұртшылыққа жариялап отырған жан түршігерлік мәліметтерінен Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы суицид оқиғаларының көбее түскендігін, өзіне — өзі қол салуға көбінесе олардың заң бұзуы, қылмыстық жауапкершілігі алдында үрейленуі, шыдамсыздығы, төзімсіздігі, қорқақтығы, сабақ үлгерімінің төмендігі, қызығушылық деңгейінің нашарлығы, көңіл күйінің болмауы, тез ашулануы себеп болып отырғаны баршамызға аян. Осыған байланысыты  мектеп психологының « Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары» бойынша жұмыстар жүргізіліп отырылады.

Түркістан облысы  адами әлеуетті дамыту басқармасының Кентау қаласындағы мамандандырылған «Дарын» мектеп – интернатында тәуекел тобына бейім оқушылар жоқ.

Оқушылардың қоғамдық бірлестіктерін  ұйымдастыру

Парламент Жарғысы

Жалпы ережелер

 

                Оқушылар Парламенті - жалпы адами құндылықтарға бағытталған еркін негізде құралатын өзін-өзі құраушы, өзін-өзі басқарушы қоғам.

Оқушылар  Парламенті -  ашық, демократиялық, өзіндік қалыптасқан құрылым.

Парламент қызметі оқушылардың адамға деген жақсы қарым-қатынасын тәрбиелеуге негізделген

Оқушылар парламенті жұмысының мақсаты, міндеттері және формалары

 

Мақсаты – әр бір оқушыға нағыз патриот азамат болуға көмектесу, өзінің іс-әрекетімен өзіне, өзінің отбасына, Отанына көмегін тигізу.

 

Негізгі міндеті – ұжымдық шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру, қоғам дамуын жақсарту, түрлі бағдарламалар арқылы қалыптастыру.

 

Қызмет формалары:

  • акциялар
  • қайырымдылық шаралар
  • семинарлар
  • сайыстар
  • байқаулар
  • көрмелер
  • концерттер
  • фестивалдар
  • жиындар

                                                                  «Адал ұрпақ»  клубы

Мектеп ортасында рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие  тұрғысынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті   қалыптастыру бағдарламасы

«Адал Ұрпақ»  құрылымы

 «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы келесі сипаттағы секциялардан тұрады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-бұқаралық іс-шаралар:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясы дәрістер, «дөңгелек үстелдер» және басқа да ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық секциясы үздік бейнероликтер, суреттер, шығармалар бойынша іс-шаралар мен конкурстарды ұйымдастыруға қатысады.

3) Мәдени-бұқаралық іс-шаралар секциясы акцияларды, флэш-мобтарды, диалогтық алаңдарды, қоғамдық, ардагерлер ұйымдарының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен кездесулерді және басқа да әлеуметтік маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.

4) «Адалдық дүкенін»  аптасына екі рет күн ( сәрсенбі, жұма ) күндері іске қосу. / Мониторинг жүргізу/

                                                      «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы

            2018 жылдан бастап «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы жұмыс жасауда.
Әр «Шаңырақтың» өз аты, белгілері, ұраны бар.
«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының міндеттері:
- Оқушыларды салауатты бәсекелестікке баулу;
- Сынып оқушыларының бойында көшбасшылық қасиетін дамыту;
- Бірлескен, біріккен, ұйымшыл командалар құру;
- Әр жастағы оқушылардың өзара ынтымақтастығы;
- Сабаққа дайындық барысында және сабақтан тыс уақытты ұйымдастыруда бір-біріне көмек көрсету.
Оқу жылы барысында «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы арасында әр түрлі жарыстар, сайыстар, ойындар, тренингтер, флешмоб, ән айту, челлендждер өткізеді.
Шаңырақтар: "Мәңгілік ел" шаңырағы;
"Жарқын" шаңырағы; "Ынтымақ" шаңырағы;
"Сұңқар" шаңырағы; "Шексіздік" шаңырағы;
"Болашақ" шаңырағы;"Оқжетпес" шаңырағы; "Бәйтерек" шаңырағы; "Тұлпар" шаңырағы.

Білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-  эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру

Білім  алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тыс іс әрекеттерін ұйымдастыруда қосымша білім беру үйірмелерінің және спорт секциялары жұмыс жасауда:

 ғылыми үйірме «Жас физик»; « Математика» ; « Жас тілші»;  сонымен қатар көркемдік эстетикалық «Балалар және театр»; «Дебат»; «Ритмика» үйірмесі ;  спорттық үйірме«Тоғызқұмалақ»; «Волейбол» спорт секциялары бар.                                               

Оқушылардың қызығушылықтары бойынша үйірмелер мен түрлі ұйымдарға 70 % оқушылар тартылған. Барлық үйірмелер  сабақ кестесі бойынша өткізіледі.

 Үйірмелер мен секциялар жұмысының тиімділігі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін анықтайды, адамгершілік-рухани дамуына, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің тұрақты кәсіби қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.  Ұйымдардың әкімшілігі бекіткен оқу жоспарлары (бағдарламалары)  бар. Оқу бағдарламалары (вариативтік, шығармашылық компоненттер ) Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының әдістемелік орталығы бекіткен.                                                                                                                               

Білім алушылардың әр түрлі нысандағы сабақтан тыс іс – шараларға қатысуы жоғары деңгейде.

Бағаланатын кезеңде білім алушылар спорттық, шығармашылық және мәдени конкурстарға, жарыстарға, фестивальдар мен байқауларға қатысқанын  келесі нәтижелерен көреміз:

2017-2018  оқу жылы

шығармашылық

инттеллектуалды

спорттық

Республикалық балалар мен оқушылар шығармашылығына арналған орталық

« В мире любимых мультфильмов» I- дәрежелі Диплом Баимбет Анеля, Рубцова Виктория, Темірханова Айдана , Намиали Жасмин

 

Диплом II-орын «Көк тудың желбірегені...» атты Республикалық көркем сөз сайысы Пернебек Дана

 

IX спартакиадасы жеңіл атлетика I-орын Мамеков Эльнур                        Шахмат  спорт түрінен    I-орын   Эркинова Камила                                                                                  Тоғызқұмалақ спорт түрінен III-орын Үсен Ерәлі 

Волейбол спорт түрінен    III-орын Тілеуберген Бақдәулет                          

2018 -2019 оқу жылы

Республикалық балалар мен оқушылар шығармашылығына арналған орталық    «Қиял әлеміне саяхат» I- дәрежелі Диплом Нурымбетова Нұрай, Рубцова Виктория,  Темірханова Айдана

 

«Жас ғалым» номинациясы     Ерген Арайлым

IX  жазғы спартакиадасында жеңіл атлетикадан   II-орын Мамеков Эльнур                

 

2019 -2020 оқу жылы

Республикалық балалар мен оқушылар шығармашылығына арналған орталық Диплом Нурымбетова Нұрай, Рубцова Виктория,  Темірханова Айдана

Диплом Бас жүлде « Жыл бишілері»

 

 

 

Диплом III-орын «Менің кіші Отаным» облыстық инттеллектуалдық конкурсы Диплом «Үздік ғылыми жоба авторы» атты республикалық байқауыны «Дарын» номинациясы  Нұрболат Кәмшат

 

«Жастар жылына» арналған

X  жазғы спартакиадасында жеңіл атлетикадан   I-орын Мамеков Эльнур,   Диплом Жасөспірімдер арасындағы спартакиядасында

«Дарын» командасы, Мадақтама Бекен Нүркен

 

2020 -2021 оқу жылы

II- дәрежелі Диплом

VII Республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңінің жүлдегері Оралбекұлы Дәру

VII Республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі «Көркемсөз оқу» номинациясы                      Нұрболат Кәмшат,   Мақтау қағазы

« Шешендік, білгірлік сайысы » номинациясы

Абдуллаева Дилдора,  Диплом

«Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы» көркем сөз сайысы

Пернебек Дана, XIII  Халықаралық Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл мерейтойына 

«Жырлайды жүрек» көркем сөз  жанры Пернебек Дана,   Диплом

«Асыл жүрек» Республикалық балалар шығармашылығы фестивалі

Сейтмахамбет Мерей

Вокал/ Бас жүлде/ , Диплом

I - дәрежелі

«Асыл жүрек» Республикалық балалар шығармашылығы фестивалі

Айтметова Камилла, Диплом III- дәрежелі

«Ән тербеген- Қазақстан» патриоттық әндер байқауы

Сейтмахамбет Мерей,    Диплом II- дәрежелі

«Үш бақытым» атты  Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай қалалық көркемсөз шеберлігі байқауы Умирбекова Алина

 

 

 

 

II- дәрежелі Диплом «Менің кіші Отаным» облыстық конкурсының жүлдегерлері Нұрболат Кәмшат; Ануарбек Ақтолқын; Есеналиев Мұхтар, Пернебек Дана

Алғыс хат KENTAU TALKS « Білімді жастар» конференциясы Пернебек Дана ; Дүйсен Бірханым                                                                          I- дәрежелі Диплом «Хакім Абай Даналығы» Айтметова Камила            

 

      Сынып жетекшілер мен тәрбиешілердің кәсіби  шеберлік байқауының жеңімпаздары

2017-2018  оқу жылы

шығармашылық

инттеллектуалды

спорттық

Облыстық « Білімді ел-мәңгілік ел» атты өнер фестивалі

Ханова Э.Ф.

        

Благодарственное письмо

Кемеровский государственный университет

Артықова З.Т.

Алғыс хат «Өнеге» интеллектуалды білім порталы Ханова Э.Ф; Такенова А.С.

 

 Қазақстан Респеубликасыны IV спартакиада бағдарламасы бойынша Баскетболдан II-орын Омарова Раушан Алғыс хат  Омарова Раушан

Мадақтама  Науанов А.А.

 

2018 - 2019 оқу жылы

Диплом Ханова Э.Ф.,  Диплом  Ханова Э.Ф., Диплом Ханова Э.Ф., Облыстық « Жастар – мәңгілік тәуелсіз елдің болашағы» атты өнер фестивалі  «Страна оригами» қолөнер үйірмесі Ханова Э.Ф.

 

Благодарственное письмо

Прянишникова Е.В.

Кемеревский государственный университет

 

«Қазақстан Республикасын Чемпионатында»  III-орын

Шынтемиров Малик

Баскетболдан халықаралық турнир III-орын Омарова Раушан

2019- 2020 оқу жылы

Диплом Ханова Э.Ф., Диплом  Ханова Э.Ф., Диплом

Ханова Э.Ф., Лауреаттық Диплом

«Жастар – мәңгілік тәуелсіз елдің болашағы» атты  өнер фестивалі Науанов А.А., Лауреаттық Диплом

«Жастар – мәңгілік тәуелсіз елдің болашағы» атты  өнер фестивалі Науанов А.А., Лауреаттық Диплом

«Жастар – мәңгілік тәуелсіз елдің болашағы» атты  өнер фестивалі Артықова З.Т., Лауреаттық Диплом

«Жастар – мәңгілік тәуелсіз елдің болашағы» атты  өнер фестивалі Такенова А.С., Ахмедова Г.З.

«Елеулі еңбегі үшін»  «Үздік қызметкер» медалі

 

Благодарственное письмо

Прянишникова Е.В.

Кемеревский государственный университет

 

«Қазақстан Республикасын Чемпионатында»  III-орын

Шынтемиров Малик

Баскетболдан халықаралық турнир III-орын Омарова Раушан

                

 

2020- 2021 оқу жылы

Диплом

«Асыл жүрек» Республикалық балалар шығармашылығы фестивалі Байболова А.Н.

Диплом

«Асыл жүрек» Республикалық балалар шығармашылығы фестивалі Ханова Э.Ф.

 «Педагогикалық идеялар фестивалі» Диплом II - дәрежелі

 Прянишникова Э. Ф. Үздік тәрбиеші . Диплом II - дәрежелі

«Педагогикалық идеялар фестивалі» Жунисова Ф.Ш.

Үздік психолог

 

 

АЛҒЫС ХАТ

  «Хакім Абай Даналығы» республикалық байқауы жетекшісі Байболова А.Н.                     

 

Алғыс хат Науанов А.А.,Мадақтама

     Науанов А.А.

 

               Жетекшілік ететін бағыт бойынша ІМБ жоспарларын іске асырудың тиімділігі

Оқушылар

Сынып жетекшілер

Тәрбие бағыттары бойынша оқушылармен жүргізілген іс-шаралар

Оқушылардың тәрбие деңгейі көрсеткіштері:

 

     2018-2019 оқу жылы

                4,4 ұпай

 

      2019-2020 оқу жылы

               4,5 ұпай

 

      2020-2021оқу жылы

                 4,6 ұпай

Оқушылардың әлеуметтік белсенділігі көрсеткіштері:

 

Білім  алуға деген белсенділігі :

 2018-2019ж.   98% ;

 2019-2020ж.   98% ;

 2020-2021ж.   100%

 

Көшбасшылық қабілеті :

2018-2019ж. 20% ;                       2019-2020ж.  27%  ;             2020-2021ж. 30%

 

Қайырымдылық шараларға қатысы:

2018-2019ж. 20%;                          2019-2020ж.  27%;           2020-2021ж. 30%

Еріктілік :                                                                                            2018-2019ж. 30%;                         2019-2020ж.  44%;           2020-2021ж. 50%

Орындаушылық тәртіп (жауапкершілік, сабаққа қатысу)

2018-2019ж. 100%;                       2019-2020ж. 100%;                      2020-2021ж. 100%         

 Креативность, өнер, шығармашылық қызметі, мәдениет.

2018-2019ж. 20%;                           2019-2020ж. 30%;            2020-2021ж. 40%

Спорттық белсенділігі:            

2018-2019ж. 52%;                        2019-2020ж.  60%;           2020-2021ж. 20%

Қатысу ұйымдастырушылық процестер:

2018-2019ж. 60%;                          2019-2020ж.  75%;          2020-2021ж. 80%

Денсаулығына қатысы :

2018-2019ж. 100%;                       2019-2020ж.  100%;                     2020-2021ж. 100%

Табиғи ортаны сақтауға деген құрметі:

2018-2019 ж. 100%;                         2019-2020ж.  100%;                     2020-2021ж. 100%

 

 

 

Сынып жетекшісінің қызметін бағалау өлшемдері:

2018-2019  оқу жылы                    34 ұпай

(жоғарыдан төмен)

 

2019-2020 оқу жылы                              37 ұпай  (жоғары )

 

 

2020-2021  оқу жылы                40 ұпай  (жоғары)

1.        Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу туралы, құқықтық тәрбие туралы

2.       Рухани-адамгершілік тәрбие туралы

3.       Ұлттық тәрбие туралы

4.       Отбасылық тәрбие туралы

5.       Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие туралы

6.       Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие туралы

7.       Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу туралы

8.       Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты туралы