Түркістан облысының білім басқармасының «Мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» комуналды мемлекеттік мекемесінің ТАРИХЫ


Түркістан облысының білім басқармасының «Кентау қаласындағы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ең алғашы 2001 жылдың 20 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының №21 ҚАУЛЫСЫМЕН «Дарынды балаларға арналған «Дарын» аймақтық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі болып құрылған.
2012жылдың 30 шілдесіндегі Оңтүстік Қазақстан облысы ӘКІМДІГІНІҢ №224 ҚАУЛЫСЫМЕН «Дарынды балаларға арналған «Дарын» аймақтық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған «Дарын» аймақтық мектеп-интернаты»коммуналдық мекемесі болып өзгертілді.
2015 жылдың 23 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы ӘКІМДІГІНІҢ №13 ҚАУЛЫСЫМЕН Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған «Дарын» аймақтық мектеп-интернаты» коммуналдық мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
2016 жылдың 5 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысы ӘКІМДІГІНІҢ № 99 ҚАУЛЫСЫМЕН Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының «Мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
2018 жылдың 6 қарашадағы Түркістан облысы ӘКІМДІГІНІҢ №306 ҚАУЛЫСЫМЕН «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының «Мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Түркістан облысының білім басқармасының «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
2019 жылдың 2 тамызында Түркістан облысы ӘКІМДІГІНІҢ № 163 ҚАУЛЫСЫМЕН Түркістан облысының білім басқармасының «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
2023 жылдың 28 тамызында Түркістан облысы ӘКІМДІГІНІҢ № 180 ҚАУЛЫСЫМЕН Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі Түркістан облысының білім басқармасының «Мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып ауыстырылды.
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» сол кезеңдегі облыс әкімі Б.Сапарбаевтың нұсқауымен 2001 жылдың қыркүйек айында ашылды. Мектептің негізгі тереңдететін бағыты - заманауи үлгідегі жаратылыстану-математикалық бағыт.
Мектептің оқушылар құрамын шалғай жатқан аудандардан келген, атап айтар болсақ, Созақ, Отырар, Бәйдібек, Түркістан аудандарынан, Қызылорда, Алматы, Тараз облыстарынан келген балалар құрайды. Түкпір ауылдардың балаларының ішінен дарындылық қабілеті жоғары балаларды жинап, білім беруде мектептің алған жауапкершілігі зор болды. Сол кезеңде мектептегі білім берудің негізгі принциптері: бала бойындағы дарындылықты ашу, бала өзі оқитындықтан, білім алу оған қуаныш сыйлауы керек, баланы асықтырмай, қай салада жетістіктерге жете алса, сол сала бойынша еңбектенуіне жағдай жасау болды.
2023-2024 оқу жылдарының нәтижесі бойынша мектеп-интернаты Қазақстан Республикасындағы "Ең үздік 10 мектеп" қатарынан көрініп, 111,5 балл көрсетіп, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің "Білім беру жүйесіндегі Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудегі елеулі еңбегі мен мектептің жоғары көрсеткіштері үшін" алғыс хатымен марапатталған.
Мырзахметқызы Бахытгүл 2025 жылғы 15 шілдеден бастап Түркістан облысының білім басқармасының «Дарын мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.
Мырзахметқызы Бахытгүл – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары білікті мұғалімі. Педагогикалық еңбек өтілі – 27 жыл. Ұзақ жылдар бойы білім беру саласында жемісті еңбек етіп, кәсіби шеберлігі мен ұйымдастырушылық қабілетін танытқан тәжірибелі педагог. Педагог-шебер біліктілік санатына ие.
Басшылық қызметтегі кәсіби тәжірибесі мен басқарушылық құзыреттілігінің нәтижесінде І санатты мектеп директоры дәрежесіне ие. Қазіргі таңда білім беру ұйымын тиімді басқару, оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыру және педагогикалық ұжымның кәсіби дамуын қамтамасыз ету бағытында нәтижелі қызмет атқарып келеді.
Кентау қаласындағы «Мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының» ұстаздары да оқушылардың дарындылығын анықтау мен оны дамыту жолында жан-жақты шығармашылықпен заманауи үлгіде еңбек етуде. Бұған мектептің олимпиадалық, конкурстық және ҰБТ жетістіктерінің дәлелі бір төбе десек, мектеп-интернатты бітірген әрбір түлектің кәсіби бағдар беру арқылы қол жеткізген сәтті болашағы - бірден-бір дәлел. Оқушылардың дарындылығын танытатын сайыстар мен сынақтар жыл сайын облысымыздың мәртебесін көтеруде жемісін берсе, бала бойындағы дарындылықты ашу арқылы жүргізілген еңбектің арқасында түлектеріміз еліміздің атын шет мемлекеттерде танытып келеді.
Қазіргі таңда осы мектепті аяқтаған түлектер тек қана Қазақстанның таңдаулы жоғарғы оқу орындарында ғана емес, АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Түркия, Германия, Корея елдерінде білімдерін жалғастыруда. Шет мемлекеттерде білім алған түлектердің бірқатары қазіргі таңда елімізге келіп, алғашқы қызметтерін көрсетуде.
Мектеп-интернат білім алушылар қазақ және орыс сыныптары бойынша білім береді. Қазіргі таңда мектепте білім алушылар саны – 315

Қ/с

Оқу жылдары

Жалпы

бітірушілер саны

Алтын белгі иегерлері

Үздік аттестат иегерлері

1

2001-2002 оқу жылы

2

1

 

2

2002-2003 оқу жылы

39

 

10

3

2003-2004 оқу жылы

38

4

3

4

2004-2005 оқу жылы

36

5

5

5

2005-2006 оқу жылы

33

6

2

6

2006-2007 оқу жылы

36

7

3

7

2007-2008 оқу жылы

31

9

 

8

2008-2009 оқу жылы

35

7

3

9

2009-2010 оқу жылы

35

10

5

10

2010-2011 оқу жылы

45

10

4

11

2011-2012 оқу жылы

44

8

2

12

2012-2013 оқу жылы

57

3

8

13

2013-2014 оқу жылы

44

3

11

14

2014-2015 оқу жылы

40

3

7

15

2015-2016 оқу жылы

46

4

12

16

2016-2017 оқу жылы

53

17

8

17

2017-2018 оқу жылы

43

10

5

18

2018-2019 оқу жылы

54

6

12

19

2019-2020 оқу жылы

48

10

3

20

2020-2021 оқу жылы

48

6

8

21

2021-2022 оқу жылы

79

14

19

22

2022-2023 оқу жылы

77

9

18

23

2023-2024 оқу жылы

75

8

21

24

2024-2025 оқу жылы

71

9

10

25

2025-2026 оқу жылы

46

7

10

Мектеп-интернатты 2001 -2026 жылдар арасында 1158 түлек аяқтаған. Оның 176-ы «Алтын белгі» иегері, 189-ы үздік аттестат иегері.

Оқушылардың әлеуметтік жағдайы бойынша циклограммасы бойынша (грант иегері)

 

 

 

 

 

жыл

Оқушы саны

Грант иегері

Жартылай жетім

Грант иегері

Толық емес отбасы

Грант иегері

Көпбалалы отбасы

Грант иегері

Ауыл мектебінен келген оқушылар саны

Грант иегері

Қала мект.

Грант иегері

1

2022-

2023

329

54

20

 

20

3

151

39

42

6

287

48

2

2023-

2024

324

63

22

3

22

7

196

38

68

12

256

51

3

2024-

2025

325

 

13

 

37

 

202

 

62

 

263

 

Мектепте педагогтар саны - 55

 

Педагог саны

Педагогтардың жас ерекшеліктері

25 жасқа дейін

25-35

35-40

40-50

50 жастан жоғары

1

55

1

7

20

16

11

 

Санаттары бойынша

Жалпы педагог саны

Педагог-модератор

 

 

 

 

%

педагог-сарапшы

 

 

 

 

%

Педагог-зерттеуші

 

 

 

 

%

Педагог-шебер

 

 

 

 

%

Жоғары

 

 

 

 

%

І санат

 

 

 

 

%

ІІ санат

 

 

 

 

%

Санатсыз

 

 

 

 

%

1

55

11

20%

7%

13%

23%

40%

7%

16%

-

-

-

-

-

-

7

11%

 

АСПЕКТ

Білім беру ұйымының кейс зерттеуі

Мектеп миссиясы:

Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдауға және меңгеруге негіз жасау, қарқынды дамып келе жатқан ортада өзін-өзі белсендіруге дайын бәсекеге қабілетті тұлғаны және дарынды балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету және бала бойындағы дарындылықты ашу мақсатында қазіргі заман талабына сай жаратылыстану пәндерін оқыта отырып, сапалы білім және саналы тәрбие беру арқылы оқудағы жоғары өнімділікке жету, «жақсыдан үздікке өту».

1.  Мектеп

миссиясына жету үшін қойылған мақсат

Білім берудің жаңартылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жағдайында білім беру ортасында әр баланы табысты оқыту мен дамыту жүйесін қажетті элементке айналдыра отырып, зияткерлік әлеуетті сақтау және көбейту арқылы дарынды балалармен жұмыс жасаудың тиімді жүйесін қалыптастыру

2. Мақсат пен миссияны жүзеге асыру барысында кездесетін мәселелер

·         Білім беру жүйесін одан әрі дамыту үшін ескі дәстүрлі басқару құрылымдарын жойылуын жеделдету мақсатында үздіксіз ақпарат ағынын күшейтуге деген мүмкіншіліктің аздығы.

·         Шалғай жатқан қала болғандықтан сапалы кадр мәселесінің қиындығы

 

·         Мектептің материалды-техникалық базасындағы оқу жабдықтарының қолданыстан шыққаны және заманауи жабдықтармен қамтылуының кешеуілдеуі

3.  Сіздің

мақсатыңызға жету үшін қабылданған шешімдер

-Мектеп-интернатта            білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына ҰЛТТЫҚ құндылықтарды енгізу

-       білім беру саласындағы заманауи әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие жұмысында қолдана отырып, оқушыларды алған білімдерін орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару, жаңа Қазақстанның экономикалық кеңістігіне енуіне интеграциялау.

-       Мектеп, өз бетінше білім алуға ынталы, белсенді, дер кезінде дұрыс шешім қабылдай алатын, тапсырмаларды шығармашылықпен орындай алатын мамандардың кәсіби жетілуіне  түрткі болу.

 

-    НЗМ тәжірибесін үйрену, мектепте білім берудің жаңартылған

 

мазмұны бойынша пәндерді оқытудың тиімді жолдарын анықтау

 

және жинақтау;

- оқушылардың оқытудың әртүрлі кезеңдегі және әртүрлі пән бойынша оқу жетістігін бақылау және бағалау;

-мектеп, оқушы және ата-ана үштігін қоғаммен тығыз байланысын нығайту.

 

- оқу үдерісінің барлық қатысушыларының заңды құқықтары мен

 

қызығушылықтарын барынша толығымен жүзеге асыратын ашық

 

білім беру ортасын ашу.

 

- әр мұғалімнің жұмысы туралы ақпараттық банк құру (есепке алу,

 

сараптау, талдау, бағалау)

 

- мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг

 

жүргізу жүйесін дамыту.

4.  Шешімдерді

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМНЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ЖАҚСАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН

10 бағыт

·         Білім берудің жаңартылған мазмұны негізіндегі заманауи технологиялар мен озық әдістерді игеру, оқушылардың интеллектуалдық потенциялын ескере отырып сапалы тиімді білім моделін енгізу.

(Жауапты:оқу тәрбие орынбасары,инновация ісі орынбасары)

·      Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (МОДО) PISA стандарттарына сәйкес құру және білім алушылардың білім сапасын бағалау PISA / TIMSS / PIRLS / ICILS ке негізделген критериалды бағалау, ағымдық бағалау, тақырыптық бақылау, фронталдық бағалау, қорытынды аттестаттау

(оқу-тәрбие ісі орынбасары)

·         Оқушылардың функционалдық сауаттылығын, сыни тұрғыдан және логикалық ойлауды дамыту жобасын кезең-кезеңімен іске асыру, оқу-тәрбие үдерісін SMART мақсаттар, Блум таксономиясы негізінде ұйымдастыруға қол жеткізу

(Жауапты:оқу тәрбие орынбасары,инновация ісі орынбасары)

(әдістер мен

тәсілдер) қалай

жүзеге

асырдыңыз?

 

•     «Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы» тұжырымдамасына бағытталған оқу үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту. Қазақ халқының ұлттық құндылықтары негізінде «отбасы-мектеп» жүйесінде ұлттық тәрбие моделін жетілдіру

(Жауапты:тәрбие ісі орынбасары)

·         Сертификатталған педагогтердің желілік қоғамдастық қызметін ұйымдастыру арқылы дамытушы-инновациялық білімдік орта құру

(Жауапты: инновация ісі орынбасары)

·           Логикалық ойлауды, ғылыми түсіндіруді, деректерді түсіндіруді және дәлелдеуді дамытуға бағытталған «ЖАСЫН» ғылыми практикалық тобының жұмысын «Тірек мектебі-магнитті мектеп» жобасына енгізу.

(Жауапты: инновация ісі орынбасары)

·         Мектеп ата-аналар жұмысын жетілдіру арқылы ата-аналардың функционалдық сауаттылығын арттыру, АТА-АНАЛАР АКАДЕМИЯСЫН құру.

(Жауапты: тәрбие ісі орынбасары)

·         «Шаңырақ» жобасы негізінде оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру

(Жауапты: тәрбие ісі орынбасары)

·           «Оқуға құштар мектеп», «Дебаттық қозғалыс», start up жобалар, ғылыми жобалар, экологиялық, өңіртанушылық, волонтерлік, патриоттық клубтар және басқа жобаларды іске асыруды жалғастыру

 (Жауапты: инновация ісі орынбасары, тәрбие ісі орынбасары)

·         Облыстық,     аймақтық     семинарлар     ұйымдастыру     арқылы мектептің имиджін қалыптастыру, брендін құру

(Жауапты: инновация ісі орынбасары)

5. Іске асыру барысында қандай сабақ алдыңыз?

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМНЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН

ЖАҚСАРТУ үшін 10 бағыт айқындалып, мектеп миссиясына, алға қойған мақсатына жету жұмыстары жүйелі жоспарлануы тиімді екені анықталды. Білім саласына енгізілген әрбір жаңалықты тиімді енгізу үшін мектеп әкімшілігі басым бағыттарға бөлу арқылы салалы түрде жүргізудің оң шешім екені байқалды әрі нәтижесін беруде.

6. Іске асыру нәтижесінде қол жеткізілген нәтижелер

1. Денсаулығын сақтауы мен нығайтуы (салауатты өмір салты негізін қалау) бойынша облыстық волейбол жарысының жеңімпаздары шықты.

2.   Ғылым негіздері бойынша терең білімінің қалыптасуы, танымдық қызметті белсендендіру арқылы білім алуға қызығушылығының артуы арқасында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен оқу жылында ғылыми жоба конкурсының облыстықкезеңінде 53 оқушы, Республикалық кезеңінде 14 оқушы жеңімпаз атанды, Президенттік олимпиада жеңімпазы, «Қазақстан Білім Олимпиадасы» жеңімпаздары,

«Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінің жеңімпаздары, Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобалары халықаралық конкурсының жеңімпаздары шықты.

3.      Үштілді білім беруді енгізу негізінде коммуникативтік және

ғылыми  ойлау  қабілеттерінің  дамуы  бойынша  Қолданбалы

 

лингвистикалық олимпиаданың Республикалық кезеңінің жеңімпаздары шығып жатыр.

4.         Мектеп ата-аналар жұмысын жетілдіру АТА-АНАЛАР АКАДЕМИЯСЫН құрылып, спорттық, мәдени іс-шаралар тиімді жұмыс жүргізуде.

5.   «Оқуға құштар мектеп», «Дебаттық қозғалыс», start up жобалар, волонтерлік, патриоттық клубтардың жұмысын іске асыруды жалғастыру барысында мектепішілік, қалааралық іс-шараларға, облыстық сайыстарға белсене қатысушы көшбасшы оқушылар саны артты.

6.    Сертификатталған педагогтердің желілік қоғамдастық қызметін ұйымдастыру арқылы дамытушы-инновациялық білімдік орта құру бағыты бойынша өткен оқу жылында 2 мұғалім Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Үздік педагог» марапатымен, РҒПО «Дарын» мұғалімдерге арналған конкурстарының марапаттарымен, Математика, физика, информатика мұғалімдерінің IX Халықаралық шығармашылық конкурсы марапаттарымен марапатталған.

7.    НЗМ тәжірибесін үйрену, мектепте білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша пәндерді оқытудың тиімді жолдарын анықтау және жинақтау әрі ЖОМ арасында көпіршелер тұрғызу мақсатында облыстық, аймақтық семинарлар ұйымдастыру арқылы мектептің имиджін қалыптастыру, брендін құру жұмыстары жалғасын табуда

7.  Келесі қадамдар

Негізгі мектепті бітіруші деңгейінде:

1.      «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының аясында төмендегі тұлғалық құндылықтарының қалыптасуы: отансүйгіштік, азаматтық жауапкершілік, ынтымақтастық; білім алушылардың табысты әлеуметтенуі мақсатында мамандығын таңдауы үшін олардың қабілеті мен қызығушылығын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша кешенді жоспардың тиімді жүргізілуі.

2.      Білім    алушылардың    білім    жетістіктерінің    мониторингі (МОДО) PISA стандарттарына сәйкес құру және білім алушылардың білім сапасын бағалау PISA / TIMSS / PIRLS / ICILS ке негізделген критериалды бағалау, ағымдық бағалау, тақырыптық бақылау, фронталдық бағалау,       қорытынды аттестаттау жұмыстарын жоспарлы түрде деңгейлі жүргізу. Жоғары мектеп деңгейінде:

3.      Мектеп бітірушісінің бойында білімпаздық, ынталылық, қажырлылық қасиеттері дамып, көшбасшылық нышандарының жетілдірілуі; қазақстандық азаматтық және патриоттық сезімі дамыған тұлға ретінде дамуы, әлеуметтік-мәдени кеңістікте өз бетінше бағыт алуы мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша кешенді жоспардың тиімді жүргізілуі.

4.      Өмір бойы білім алуға дайын болуы, өз дамуының жеке траекториясын айқындай білу мақсатында«Эрудит» олимпиадалық қозғалысын жүргізу; бала дүниетанымының

маңызды құраушысы ретінде – үш тілде ғылыми ойлау

 

дағдысының қалыптасуы мақсатында «ЖАСЫН» ғылыми практикалық тобының жұмысын жетілдіру; Қазақстандық азаматтық және патриоттық сезімі дамыған тұлға ретінде дамуы үшін «Тірек мектебі-магнитті мектеп» жобасын, start up жобалар, экологиялық, өңіртанушылық, волонтерлік, патриоттық клубтар және жобаларды іске асыруды еліміздің басқа өңіріндегі мектеп оқушыларымен бірлесе жүргізу.