Қыздар тәрбиесі

«Көркем » қыздар клубы

Мақсаты: Қыз бала бойына адамгершілікті, имандылық пен ибалылықты, талғамдылықты сіңіру. Қыз бала алдындағы қоғамның, елдің, ұлттың болшағы үшін үлкен жауапкершілік тұрғандығын ұғындыру. Үлкенді сыйлайтын, кішіге қамқор болатын, білімді, білікті тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қыз балаларды үй шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттіліктерді үйрете отырып, икемдеу.

Құндылықтары:

Қазақ қыздарының менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық сияқты қасиеттерге баулу.

Нәтиже:

Қыз балалардың тәрбиесіне, оларда заман талабына сай бойжеткен идеалын қалыптастыруға және мінез-құлық критерийлерін нақты айқындауға ерекше көңіл аудару.

Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі

Қазақ халқында қыз баланың орны ерекше. Үкілеп өсіріп отырған қыз баласының барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген. «Қыз – өріс, ұл-қоныс» деп білгендіктен халқымыз өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, қыз баланың мінезінің қалыптасуына да үлес қосқан. Халқымыз «қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отырған.

Біле білсек, әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт – қыздарға берілетін тәлім тәрбие арқылы өлшенеді. «Қызым үйде – қылығы түзде» демекші, қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім киісі де тәрбиенің негізі болып саналады.

Ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойға сіңеді. Қыз баланың жүріс-тұрысынан бастап дауыс ырғағына дейін мән берудің өзі қыз бала тәрбиесінің маңыздылығын сездірсе керек. Сондықтан да қазақ қыздарымыз тәрбиелі ұлтжандылығымен, өздеріне тән нәзіктігімен және рухани тазалығымен ерекшеленеді. Ар-намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болары хақ.

Қазақ қыздарының менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық сияқты қасиеттер кіреді. Тарихқа көз жүгіртсек, Айман, Құртқа, Назым сияқты қыздарымыз, Домалақ ана, Айша Бибі сияқты аналарымыз нағыз қазақ әйелдерінің үлгісі болды. Ұлжан ана данышпан Абайды ғұсыл-дәретсіз емізбегені – адамзаттың баласын тәрбиелегені болып табылады. Халқымызда бала тәрбиесін құрсақтан бастаған асыл аналарымыз болған. Ұлы Абайдың тәрбиешісі болған данагөй әжеміз Зерені қалай ұмытамыз?

«Қызың өссе, қызы жақысымен ауылдас бол», деп көңілі мен жүрегі таза, әдемілікке, нәзіктікке құмар, өзінің емес, өзгенің өресін көтермелейтін қыз бала келешекте іргелі үйдің шаңырағын жоғары көтеретінін айтса керек. Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, балаларының анасы. Бүгін ол қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналары сөзсіз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Әйел-бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей – еліміз толық түзелмейді» дегені қыз тәрбиесінің маңыздылығын әрдайым еске салып, ұлт тәрбиесінде иманды да ұлағатты, ізетті де инабатты қыз тәрбиелеудің аса маңызды екенін еске салып тұрғандай.

 

 

« Бекітемін»

Мамандандырылған «Дарын»

 мектеп-интернат  директоры

__________________________

Бадырова Н.Е.

                                                                                                                        «_____»  ________                      2022 жыл

 

 

 

2022- 2023 оқу жылындағы «Көркем» қыздар ұйымымен

 жүргізілетін жұмыстың жоспары       

 

Іс-шаралар

Мерзімі

Жауаптылар

 

1.

Қыз   балалар    жиналысын   өткізу

Жиналыс, семинар, тренинг.

(Әр сынып қыздар төрайымдары міндетті түрде қатысады) Тізімін жинақтау. Хаттамаларын түзу.

Әр  тоқсан   сайын (Тізімін жинақтау. Хаттамаларын түзу)!

Қыздар кеңесінің жетекшісі: Ханова Э.Ф.

Әр сынып қыздар төрайымдары.

Сынып жетекші.

 

2.

«Шешеге  қарап    қыз  өсер»

 Тәрбие   сағаты

Қазан

Жүнісова Ф.Ш.

Қыздар кеңесі жетекшісі

3.

Қыздар гигиенасы   туралы   дәрігер   кеңесі кездесу

Қараша

Қыздар кеңесі жетекшісі

Мектеп медбикесі

4.

«Қызға қырық үйден тыю» Пікірталас      кеші  (баяндама)

Желтоқсан

Педагог-ұйымдастырушы

 

5.

«Қыздар сұлу көрінер қылығымен» Сауалнама  жүргізу    (Пікір талас)

 

Қаңтар

Психолог

Қыздар кеңесі жетекшісі

Сынып жетекші.

6.

«Иманды қыз, аяулы ана» Тәрбие   сағаты

(дөңгелек стол)

Ақпан

Артыкова З.Т.

Сынып жетекші.

7.

  Аяулы   аналарға  құрмет!

«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» Аналармен  кездесу

Наурыз

Қыздар кеңесі жетекшісі

Сынып жетекші

Психолог

8.

«Ұялы телефонның пайдасы мен зияны»

сәуір

Қыздар кеңесі жетекшісі

 

9.

Қыздар кеңесінің жылдық есебі

мамыр

Қыздар кеңесі жетекшісі

 

 

Педагог ұйымдастырушы            Ханова Э.Ф.                                   

« Бекітемін»

Мамандандырылған «Дарын»

 мектеп-интернат  директоры

__________________________

Бадырова Н.Е.

«_____»  ________ 2022 жыл

 

2022-2023 оқу жылындағы «Көркем» қыздар ұйымы

жиналысының жоспары

р/с

Жүргізілетін іс-шаралар

Өткізу мерзімі

Жауаптылар

1

Кеңестің № 1 отырысы

1.Қыздар кеңесінің құрамын   

    сайлау

2.Кеңестің міндетімен таныстыру

3.Әр түрлі мәселелер

 

 

қыркүйек

 

Қыздар кеңесі жетекшісі

 

2

Кеңестің № 2 отырысы

1.Қыздардың тазалығы мен тәртібі, күнделікті сабаққа қатысуы.

 /Мектеп медбикесімен әңгіме/

2. «Ар-намыс керек қызға»  /әңгіме сағаты/

 

қараша

 

Медбике

 

Қыздар кеңесі жетекшісі

 

3

Қеңестің № 3 отырысы

1. «Қыз өссе - жердің көркі, ұл өссе - елдің көркі» /дөңгелек үстел/

2. Бойжеткенің жыныстық жетілуі /мектеп медбикесімен әңгіме/

 

қаңтар

 

Қыздар кеңесі жетекшісі 

Медбике

4

Қеңестің № 4 отырысы

1. Оқуға деген қызығушылығын қалай арттыру керек.

 

наурыз

 

Қыздар кеңесі жетекшісі

Педагог-психолог

5

Кеңестің № 5 отырысы

1. «Қызға-қырық ұйден тыйым»

/Қыздардың жүріс-тұрысы, көпшілік ортада өзін-өзі ұстауы./

2. Қыздар кеңесінің атқарған жұмыстарының қорытынды есебі

 

мамыр

 

Қыздар кеңесі жетекшісі

 

Педагог ұйымдастырушы Ханова Э.Ф.